Астанаға ресми сапармен Иран президенті келеді
Фото: akorda.kz
Иран президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен Астанаға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 8 желтоқсанда Ақорданың Telegram-арнасында ресми ақпарат шықты.
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді.
Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
2025 жылғы 5 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлескен. Олар барша мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен бір-бірін құттықтаған. Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулер кестесін талқылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript