Құтқарушылар жолда қалып қойған 50-ден астам адамды жылыту пунктеріне жеткізді

Құтқарушылар жолда қалып қойған 50-ден астам адамды жылыту пунктеріне жеткізді , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 10:50 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 8 желтоқсанға қараған түні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолының 950-шақырымында 53 жолаушы күрделі жағдайға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, қозғалыстың шектелуіне байланысты 15 адам Белқопа ауылы бағытына жаяу аттанып, "Шымкент–Мәскеу" бағытында жүріп келе жатқан автобустың 38 жолаушылары эвакуацияланып жақын елді мекендегі жылыту пунктеріне жеткізілді.

"11-і – Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылатын эвакуацияланғандар медициналық көмекее мұқтаж болған жоқ",- деп атап өтті ведомство.

ТЖМ алыс жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, төтенше қызметтердің ұсынымдарын сақтау қажеттігін еске салады.

Бұған дейін құтқарушылардың алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: