Қарағанды облысында құтқарушылар 30-ға жуық адамды қар құрсауынан эвакуациялады
Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар "Приишимское ауылы - Шоқай кент" тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған.
Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды,оның ішінде бір баланы Осакаровка ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.
Қарағанды облысы ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript