Ақмолада жол апатынан екі жасөспірім мен әйел зардап шекті: нәзік жанды майысқан көлік ішінде қалып қойған

Ақмолада жол апатынан екі жасөспірім мен әйел зардап шекті: нәзік жанды майысқан көлік ішінде қалып қойған, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 11:03 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылғы 7 желтоқсанда Ақмола облысы Бурабай ауданы Ақылбай ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, апат салдарынан екі жасөспірім және майысқан көлік құралында қысылып қалған жүргізуші әйел зардап шекті.

ҚР ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қатты зақымданған жүргізуші есігін ашып, зардап шеккен әйелді шығарып алды.

"Үшеуі де жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: