Ақтөбе облысында жол апатында бес шетелдік қаза болды

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 11:36 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 7 желтоқсан күні таңертең Самара – Шымкент тас жолының 1024-шақырымында Өзбекстан азаматтарын тасымалдайтын автобус аударылды. Нәтижесінде бес адам қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, автобус Пермь қаласынан Ташкентке қарай бағыт алып, Қызылорда облысы аумағына бет алған.

Бастапқы болжам бойынша, апаттың себебі автобустың қозғалыс бағытына қарама-қарсы оң жаққа аударылуы болып отыр.

Автобуста барлығы 49 жолаушы болған. Бес адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 11 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алып, Айтекебий ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Жол апатының себебі анықталуда", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 7 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux көліктерінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: