Өскемендегі жеке үйде жарылыс болып, сегіз жасар қыз зардап шекті

Частный дом, частные дома, частный участок, частные участки, коттеджи, дачные районы, дачный район, дачные участки, дачный участок, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 12:37 Фото: Zakon.kz
Өскемен қаласының 28-шағын ауданындағы жеке секторда пеш жарылып, сегіз жастағы қыз бала жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty TV дерегіне сүйенсек, 9 желтоқсан күні таңертең Майра Рымбекқызының үйінде қатты жарылыс болған. Жылу жүйесіндегі қысым тым көтеріліп, пешті жарып жіберген, салдарынан бөлмелер арасындағы қабырға құлап түскен.

"Таңертең жарық болмады, сорғы істемегендіктен жылыту жүйесіндегі қысым қатты көтеріліп кетті. Содан пеш жарылды. Өзіміз шок жағдайындамыз, әлі күнге дейін дірілдеп отырмын, өте қауіпті болды, әсіресе үйде балалар болған соң қатты қорқынышты болды. Ең бірінші балаларға жүгірдік. Күйеуім үлкен балаға, мен қызымызға. Оларды шығарып, көршілерден көмек сұрадық. Ауруханаға апарды. Балалар ауыр жарақат алмағанына шүкір", – деді зардап шеккен Майра Рымбекқызы.

Оқиға орнына билік өкілдері дереу келген. Олар үздіксіз болып тұратын жарықтың өшірілуі мәселесін ақыры шешуге уәде берді. Ең алдымен жарылыстан зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілмек.

"Зардап шеккен отбасының үйін қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан толық көлемде қолдау көрсетіледі. Уақытша баспана беріледі. Ал 10 күн ішінде бұл шағын аудандағы электрмен қамту мәселесі толық шешіледі", – деді Өскемен қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Азат Қасымов.

Бұған дейін Атыраулық құтқарушылар қызыл жалын арасынан 11 адамды алып шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: