Жылжымайтын мүлік нарығындағы ірі алаяқтық: қазақстандықтар жалған құрылысқа миллиардтарын салған

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 10:01 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Абай облысында "Dala SK Construction" ЖШС басшылығы және онымен байланысы бар бірнеше компанияның өкілдері үлестік құрылыс ретінде азаматтардың ақшасын заңсыз тартқаны үшін сотқа беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі 11 желтоқсанда мәлімдегендей, компания басшылығы екі жыл бойы қажетті рұқсат құжаттары, жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ), мемлекеттік сараптама және авторлық қадағалаусыз тұрғын үй кешендерін салған.

Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны туралы жарнамалар жарияланған. Алайда "Irtysh Riverside" тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған. Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы қазанда "Dala SK Construction" ЖШС-не ӘҚБК-нің үш бабы бойынша (заңсыз құрылыс, жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет пен хабарлама жіберместен әрекет жасау) әкімшілік жаза қолданылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

Сот шешімдеріне қарамастан, компания басшылығы жобаның сәтті жүзеге асып жатқандай көрініс жасап, азаматтарды алдауды жалғастырған. Жаңа сатып алушыларды тарту үшін пәтерлердің сатылымы мен бөліп төлеу жөніндегі жарнамалар жалғаса берген.

Нәтижесінде 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған.

Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

Түскен қаражат Өскемен қаласындағы басқа да байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, онда да заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Залалды өтеу және үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында күдіктілердің мүлкіне — 2 пәтерге, 10 жер учаскесіне және 6 автокөлікке тыйым салынды.

Ұйымдастырушы қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: