Қарағандыда ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 15:56 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері екі бірдей ұрлық дерегін әшкерелеп, ұрланған мүлікті иелеріне қайтарды. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды.

Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөліміне ауданның 42 жастағы тұрғыны планшетінің жоғалғанын айтып, арызданған. Оның айтуынша, гаджет туған күнін атап өткеннен кейін жоғалып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – Қарағанды қаласының 36 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Тексеру кезінде ұрланған планшет табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Сонымен қатар Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылдың желтоқсан айында жасалған ұрлық дерегі бойынша 27 жастағы ер адамды ұстады.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 400 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің өзге де осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: