Полицейлер Қапшағай жағалауындағы бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады
Фото: Zakon.kz
Қонаев қаласының полиция қызметкерлері Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында болған бірнеше ұрлық деректеріне қатысы бар деген күдікпен 20 және 26 жастағы екі азаматты ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша күдіктілер демалушылардың бейқамдығын пайдаланып, тапшандар мен шатырлардан телефондарды жасырын түрде ұрлап отырған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аталған деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Тәртіп сақшылары азаматтарға демалыс кезінде қырағылық танытып, жеке заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Курортты аймақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және мүліктік қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілген тәртіпте жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript