БҚО-да кәсіпорын аумағынан кабель ұрлаған бір топ адам құрықталды

Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері кәсіпорын аумағынан кабель ұрлау дерегін ашты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 16:21 Сурет: ҚР ІІМ
Бөрлі ауданының полиция қызметкерлері кәсіпорын аумағынан кабель ұрлау дерегін ашты.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Бөрлі ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кабель ұрлады деген күдікпен бір топ адамды ұстады.

Мамыр, маусым айлары аралығында белгісіз тұлғалар Бөрлі ауданындағы кәсіпорындардың бірінің аумағынан ұзындығы 33 метр болатын жерге тұйықталатын кабельді ұрлаған.

Келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады.

Тергеу барысында олар кінәларын мойындап, ұрланған мүлік тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: