БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды

Қар, боран БҚО, жоғалған адам, өлі күйінде, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 20:50 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында хабар-ошарсыз кеткен төрт адамның үшеуінің денесі табылғаны, тағы бірі әлі іздестіріліп жатқаны бұған дейін хабарланған. Өкінішке қарай, соңғысы да өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күйгенкөл ауылдық округінде бүгін сағат 15.57-де Жасқайрат ауылынан 10 шақырым жерде 59 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Kazinform Жәнібек ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол 13 желтоқсанда Күйгенкөл ауылдық округінің Бұқар қыстағынан мал бағуға шығып кетіп, содан оралмаған.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бұған дейін үш адамның мүрдесі табылған. Олар әртүрлі жағдайда далада үсіп өлген. Бірі мал іздеуге шықса, бірі адасып кеткен.

Сондай-ақ БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алып жатқаны хабарланған. Облыста күн райы аяқ-астынан күрт нашарлаған. Әйтпесе, күндіз ғана сынап бағаны жоғары болып, жылыны көрсеткен, ал далада басы қылқиған шөп әлі бар-тұғын. Сондықтан барша төрт түлікті даладан қораға әлі қайтарып үлгермеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: