"Қатып өлген". БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда

Қой, қардың асты, қырылу, БҚО, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 20:35 Сурет: видеодан алынды/Zakon Live
Батыс Қазақстан облысындағы ұйытқыған қарлы боран ауыл тұрғындарын ойсыратып, титықтатып тастады. Көбісі ауа райының қолайсыздығынан төрт түліктің бір бөлігінен айырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеолардың бірінде Казталов ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары құтқарушылармен бірге қыстақ маңын тазалап, қойларды қалың қардың астынан аршып алып жатқанын көруге болады. Олардың көпшілігі қар астында бүтіндей қалып кеткен.

Сондықтан олардың бірталайы қырылған: бірі қатып қалса, бірі тұншығып өлген.

Облыста күн райы аяқ-астынан күрт нашарлаған. Әйтпесе, күндіз ғана сынап бағаны жоғары болып, жылыны көрсеткен, ал далада басы қылқиған шөп әлі бар-тұғын. Сондықтан барша төрт түлікті даладан қораға әлі қайтармаған.

Шығынның нақты мөлшері әлі белгісіз. Оларды санау үшін барлық мал басын табу керек.

Бұған дейін БҚО-да үш адам үсіп өлгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: