Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 12:54 Фото: Zakon.kz
Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында облыстық прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Павлодарда тыйым салынған заттардың ірі партиясын байланыссыз тәсілмен таратуды жоспарлаған 32 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті бірнеше ай бойы полицияның бақылауында болды. Ер адам тұрғын үй кіреберісінің маңында кезекті есірткі затын жасырын қойып жатқан сәтте ұсталды.

Тінту барысында оның тұрғылықты жеріндегі пәтерінен синтетикалық есірткі заты бар салмағы 150 грамнан асатын түйіншектер, таразылар, орау материалдары, қолғаптар, сондай-ақ жасырын қойып кету үшін дайындалған 6 мың магнит тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын жасыру мақсатында маркетплейстер арқылы магниттерге тапсырыс берген.

Магниттердің көмегімен есірткіні металл заттарға бекітіп, жасырын орындардың фотосуреттерін түсіріп, координаттарын көлеңкелі интернет-дүкеннің кураторларына жолдаған.

Ал есірткі тұтынушылар аталған дүкен арқылы түйіншектердің нақты орналасқан жері туралы ақпарат алып отырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: