Астанада өрт кезінде төтенше жағдайдың алды алынды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2025 12:19 Фото: zakon.kz
Астана қаласының Есіл ауданында, Ұлы Дала даңғылы бойында, жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт жеке тұрған жаздық сарайдан шыққан.

"ТЖМ күштерімен екі газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Төтеншеліктер өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: