"Тринька" атты құмар ойынын дөңгелетіп отырған: ұсталғандардан 93 млн теңгенің үйі мен көлігі тәркіленді
Фото: unsplash
Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесінің жолы кесілді. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 22 желтоқсанда Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпарға сүйенсек, күдіктілер екі жыл бойы "TauBrat" парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде "Тринька" атты заңсыз құмар ойын өткізген.
Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген "дроптарды" пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған.
Бұл ретте, жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алғаны анықталды.
"Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды",- делінген ақпаратта.
Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынған.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы құжаттар қанша тұратындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript