Елордада полиция есірткі тарату арнасын әшкереледі

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 15:22 Фото: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату бойынша 22 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында орман алқабы аумағында күдіктіге тиесілі автокөлік тоқтатылды.

Жеке тінту кезінде күдіктінің күртесінің қалтасынан альфа-PVP есірткі заты салынған түйіншектер табылып, тәркіленді. Сонымен қатар автокөлік салонын тексеру барысында ішінде дәл осындай 245 қаптамаға салынған ірі түйіншектер бар сөмке анықталды.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында дәл осы зат бар стақан, сондай-ақ есірткі заттарын өлшеуге, қаптауға және орауға арналған жабдықтар тәркіленді.

Анықталғандай, ер адам есірткі заттарын әрі қарай тарату мақсатында қоймашы рөлін атқарған. Медициналық куәландыру оның есірткі қолданғанын да растады.

Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және өткізу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерге бармауға, қырағы болуға және есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдікті деректер туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: