Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студент: тың мәліметтер белгілі болды

Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студент: тың мәліметтер белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 09:54 Сурет: pixabay
Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студентке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, оқиға өткен жұмада университет дәретханасында болған. Студент оқытушының артынан іле-шала кіріп, пышақпен мойнын жаралапты. Абырой болғанда, сондағы күзет пен өзге де студенттер байқап қалып, оларды ажыратып үлгерген.

Жарақат алған мұғалімді ауруханада тексеріп, кейін ол үйіне жіберілген.

"Екінші курс студенті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер ол кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін",- деп жазды телеарна.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, студент емтиханнан сүрініп, жазғы маусымға қалып қойғаны үшін ашуға булығып, осындай қадамға барған көрінеді. Дегенмен ALT University басшылығы мұны жоққа шығарып отыр. Яғни зардап шеккен оқытушы суық қару ұстаған студентке ешқашан дәріс оқымаған дейді.

Бұған дейін Астанада марихуана таратумен айналысқан күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: