Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 2025 жылғы 24 желтоқсанда, Қазақстан Президенті мен Әзербайжан Президенті арасында телефон арқылы әңгіме өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 15:18 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 24 желтоқсанда, Қазақстан Президенті мен Әзербайжан Президенті арасында телефон арқылы әңгіме өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

Қазақстан Президенті Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту перспективасын талқылады.

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиевтің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: