Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды

Мемлекет басшысы, Тараз, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 19:04 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді, делінген Ақорда хабарламасында.

Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.

Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.

Сурет: Ақорда

Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.

Сурет: Ақорда

Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

Сурет: Ақорда

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.

Бұған дейін президенттің Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: