ҚМА Qarmet мүлкін жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр
Фото: АФМ РК
2015 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған. Аталған келісімде қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығы көзделмеген.
Алайда С.Г. Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.
Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — "Күзет" ЖШС тартылған. Оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.
Ұрланған мүлік С.Г. Кимнің бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырылған.
Заңсыз әрекеттердің салдарынан жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.
Күдікті С.Г. Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.