Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді

Алматы тауларындағы қар көшкінінде мерт болған үш жігіт жерленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 10:17 Сурет: unsplash
Алматыда тауда жоғалып, кейін денесі табылған үш жігіт жер қойнына тапсырылды. Құтқарушылар алдымен 20 жастағы жігіттің денесін "Локомотив" шыңынан түсірген. Араға бір тәулік салып, тағы екеуінің мәйіті 4 мың метр биіктіктен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК ақпарына сүйенсек, марқұмдар тау шыңын бағындыруға кетіп, көшкіннің астында қалып қойған. 17, 19 және 20 жастағы үш жігіт өткен сәрсенбіде тауға аттанған. Олар Іле Алатауының "Мыңжылқы" шатқалы мен "Локомотив" шыңына жеткенде байланыс үзіліпті. Үшеуі де бұрыннан тауға саяхаттап, шыңға шығуды ұнатқан. "Үш жыл тәжірибесі бар" – дейді жақындары. Бұл жолы да қалың киініп, бірнеше күнге жететін азығын алып кеткен екен. Телефондары өшіп, еш хабар болмай қалған соң, туыстары құтқару қызметіне хабар береді. Сөйтіп жедел штаб құрылып, іздеуге дрон мен тікұшаққа дейін жұмылдырылды. Марқұмдардың жақындары болған жағдайға сенер-сенбесін білмей отыр.

"Іздестіру кезінде "Локомотив" шыңында көшкін жүргені анықталды. Үш жігіттің мәйіті дәл сол теңіз деңгейінен 4 мың метр биіктегі шыңнан табылды. Іздеу кезінде ауа райы мен ұйытқыған жел жұмысымызға қатты кедергі келтірді. Қар қалындығы тізеден асады. Марқұмдарды төменге түсірудің өзіне алты сағаттан аса уақыт кетті".Денис Ярцев, Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы

Бұған дейін Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: