Астана-Алматы тас жолы 1 қаңтарға дейін ішінара жабылады

Жол жабылады, Астана-Алматы, тас жолы, 1 қаңтар , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 19:55 Сурет: Zakon.kz
Екі облыста Астана-Алматы тас жолы бойындағы қозғалыс шектелді. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп - қолайсыз ауа райы.

"2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 19:00-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен шектеулер мына өңірлерде енгізілді:

Ақмола облысы:

  • "Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы" автомобиль жолының 32-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);

Қарағанды облысы:

  • "Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы" автомобиль жолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);
"Жолды 2026 жылғы 1 қаңтар, сағат 09:00-де ашу жоспарланған".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: