130 миллион теңгемен қашып кеткен: Түркия Қазақстан азаматын экстрадициялады

Задержание, арест, наручники, задержанная, арестованная, преступница, мошенница , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 10:04 Фото: pxhere
Зергерлік бұйымдарды сатып алу сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды. Бұл туралы 2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды.

Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: