Таразда дәмхана өртенді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бүгін, 12 қаңтарда Жамбыл облысы ТЖД-ның 112 басқару пультіне Тараз қаласының "Ақбұлақ" (1) ықшам ауданында орналасқан, жұмыс істемейтін жазғы дәмхананың шатыры өртенгені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел түрде аттанды.
"ТЖМ қызметкерлерінің күшімен өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", делінген құзырлы министрлік хабарламасында.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, әкелі-балалы екі адам қаза тапқаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript