Қарағандыда полицейлер жүк көлігінен аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 15:26 Фото: Zakon.kz
Қарағандыда 30 жастағы алыс қашықтыққа жүк тасымалдаушы жүргізушінің үлкен жүк көлігінен аккумуляторлар ұрланып, жәбірленушіге 230 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша жәбірленушінің арызы негізінде Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту барысында ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған аккумуляторларды полиция қызметкерлеріне өз еркімен тапсырды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: