ШҚО-да полицейлер тұрғынды сан соқтырған күдіктіні ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 15:06 Фото: Zakon.kz
Ауылдық бір елді мекеннің 43 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғанын хабарлап, полицияға жүгінген. Оның айтуынша, танысы 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз кепілдендірілген несие алуға көмектесуді ұсынған.

Өзінің "қызметі" үшін 500 мың теңге сұраған алаяқ, ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай, ізін жасырған.

Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оның орналасқан жерін тапқан.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО полиция департаменті азаматтарды ескертеді: жиі алаяқтар өте сенімді көрінетін схемаларды қолданып, оңай ақша немесе тиімді ұсыныстар уәде етіп жатады.

Дегенмен, ешкімге ресми расталмаған келісімдер бойынша ірі сомаларды бермегеніңіз жөн және қаржылық ұсыныстар бойынша ақпаратты әрдайым мұқият тексеріп алыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: