Кентауда жеті тұрғынды алдап, сан соқтырған әйел құрықталды
Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, созып жүрген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 935 мың теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде, күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Ол жәбірленушілермен алыс танысы арқылы танысқан.
Күдіктінің мұндай қадамға қаржылай қажеттілік туындаған соң барғаны белгілі болды. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген.
Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.