Балабақша меңгерушісі түркістандықты млн теңгеге алдап кетті
Сурет: Zakon.kz
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай танысы мектепке мұғалім қызметіне орналастырып беремін деп уәде беріп, ақысына млн теңге ақша алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Түркістан қалалық полиция басқармасына алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданды.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай танысы мектепке мұғалім қызметіне орналастырып беремін деп уәде беріп, ақысына млн теңге ақша алған.
Арадан 8 ай уақыт өткенмен, жәбірленуші не жұмысқа орналаспай, не берген ақшасын ала алмаған.
Осылайша алаяққа алданғанын түсінген тұрғын полицейлерден көмек сұрады.
Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Ақпарат алысымен шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізген түркістандық қырағы тәртіп сақшылары осы жайтқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтады.
Оны тәулік ішінде тұрғылықты мекенжайынан ұстап, ПБ-ға жеткізді. Бүгінде өз кінәсін мойындаған күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, күдікті балабақшада меңгеруші қызметінде жұмыс істейді. Балаларын балабақшаға алып келген тұрғынды, күдікті жұмысқа орналастырып беремін деп сендірген. Осылайша меңгеруші тұрғынның ақшасын алдап алған соң байланыссыз кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript