Алаяқ алматылықтарды 30 млн теңгеге алдап кетті
Алматы тұрғындары автокөлік пен пәтер сатып алуға көмектесемін деген алаяққа 30 млн теңге ұстатып, ақырында алданып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алмалы ауданы Полиция бөлімінде 39 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ер адамның алаяқтық әрекеттерінен келтірілген материалдық шығын шамамен 30 миллион теңгені құрады.
Алданған Алматы қаласы тұрғындарының бірі алаяққа қалай алдағанын айтып, полицияға шағымданды.
П. деген азаматпен интернет арқылы байланысқан. Жаңа дос БАӘ-ден немесе Еуропадан нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатып алуға көмектесуді ұсыныпты. Жәбірленуші күдіктіге 30 мың доллар көлемінде ақша жіберген, осыдан кейін ол байланысқа шығуды доғарды, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Күдікті ұсталды. Оның осыған ұқсас тағы бірнеше эпизодтарға қатысы бар.
Сонымен қатар, қаскөй кепілде тұрған пәтерлерді сатып алып бере алатын мүмкіндігі барын айтып, жергілікті тұрғындардың ақшасын алған. Бұл жағдайда ол өзін екінші деңгейдегі банктердің бірінің осындай мәселемен айналысатын комиссияның мүшесі ретінде таныстырған.
Тағы бір эпизодта П. деген азамат қылмыстық істі доғаруға көмектесуге уәде береді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп түйіндеді сөзін Есен Ысқақов.
Полиция қызметкерлері аталған адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727 телефондары арқылы хабарласуды сұрады.