1414 нөмірі арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа қаупі туралы қазақстандықтарға ескерту жасалды

Жетісу облысының киберполиция қызметкерлері медицина қауымдастығымен кездесіп, 1414 нөміріне байланысты алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімет берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 15:23 Сурет: gov.kz
Жетісу облысының киберполиция қызметкерлері медицина қауымдастығымен кездесіп, 1414 нөміріне байланысты алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, алаяқтар өзін медициналық мекемелердің қызметкері ретінде таныстырып, "1414-тен келген хабарлама" арқылы қазақстандықтарға дәрігерге қабылдауға жазылуды ұсынады.

"Қабылдауды растау сылтауымен алаяқтар SMS арқылы келетін кодтарды айтып беруді сұрайды. Осылайша азаматтардың жеке деректері мен қаржыларына қол жеткізеді. Киберполиция қызметкерлері ресми медициналық ұйымдар мен мемлекеттік сервистер телефон арқылы немесе хабарламада растау кодтарын, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайтынын атап өтті. Мұндай талаптардың барлығы – алаяқтықтың айқын белгісі", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 16 қаңтарда.

Құқық қорғау органдары медицина мекемелеріне күн сайын егде жастағы азаматтар көп жүгінетінін ескере отырып, дәрігерлерден бұл ақпаратты пациенттерге түсіндіруді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Tinder қосымшасындағы жалған "Нурайдың" астаналық азаматты 4 миллион теңгеден айырғаны туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: