Полиция алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 13:06 Фото: pixabay
Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында интернет алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиян файлдарды таратады.

Алаяқтар telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді.

Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына "арнайы қосымша" деген атаумен вирустық файл жібереді.

Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді.

Сондай-ақ бұл "тегін кітапхананың" салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады.

Полиция бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату қауіпті екенін еске салады. Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: