Маңғыстауда он шақты үйді су басты
Сурет: lada.kz
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қалың қар еріп, тұрғын үйлер мен аулаларды су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, 2026 жылдың басынан бері жергілікті атқарушы органдарға тұрғындардан шамамен жүз шақты өтініш келіп түскен.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, көп жағдайда үйлердің аулалары мен тұрғын үйлердің маңында еріген қар суы жиналған. Дегенмен, бұл жағдайлар ғимараттарға елеулі зиян келтірмеген.
25 қаңтардағы мәлімет бойынша Қызғалдақ көшесіндегі алты тұрғын үйді, сондай-ақ бір ауылдық округтегі 75 үйдің аула аумақтарын су басқаны анықталған.
Аудан әкімдігінде су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылғаны атап өтілді. Суды сорып шығару үшін арнайы сорғылар қолданылуда, сондай-ақ дренаж жүйелері іске қосылған. Жұмыстар жалғасуда.
Бұған дейін Шымкентте есірткі таратумен айналысқан күдіктілер ұсталғанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript