Ақтөбеде пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер қамауға алынды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 13:11 Фото: Zakon.kz
21 қаңтарда белгісіз адамдар Ақтөбе қаласында орналасқан жеке үйлердің біріне жасырын кіріп, үй иелеріне тиесілі зергерлік бұйымдар мен бірнеше телефонды ұрлаған.

Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 800 мың теңгеге жуық. Осы дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Күдіктілерден ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленді. Тергеп-тексеру барысында күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың тұрғын үйге күндіз үйде адам жоқ кезде пластикалық терезені ашып кіргені белгілі болды.

Ұсталғандар бұған дейін де осындай қылмысты жасағаны үшін сотталғанына қарамастан, өздеріне тиісті қорытынды жасамай, қылмысқа қайта барған. Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, олар мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: