Ақтөбеде телефон ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 10:23 Фото: polisia.kz
Өткен жылдың желтоқсан айында Ақтөбе қаласында белгісіз тұлғалар сауда үйлерінің біріндегі дүңгіршекте болып, сауда сөресінен бірнеше iPhone ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында екі бойжеткеннің екі iPhone телефонын ұрлағаны анықталды.

Сөренің ашық тұрғанын білгеннен кейін олар үш күннен кейін сол жерге қайта келіп, осындай тағы да бір мобильді құрылғыны жасырын әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Ақтөбе қаласының 19 және 20 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, ұрланған телефондарды ломбардқа тапсырғандарын айтты.

Ақшаны олар өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізілуде. Мұндай қылмыстық әрекеттер үшін заңнамада мүлкi тәркiленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: