Астанада телефон ұрлығы әшкереленді

Мобильная связь, мобильный интернет, сотовая связь, телефон в руках, социальные сети, звонки , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 12:49 Фото: pexels
Астанада "Iphone 16 Pro" ұялы телефонын алдап алып кеткен алаяқ ұсталды.

Елордада сақшылар азаматтардың мүлкін заңсыз иемдену дерегі бойынша күдіктіні ұстады.

Оқиға барысында қаладағы компьютерлік клубтардың ішінде жас жігіттің жәбірленушіге телефон қоңырауын шалу қажеттілігін айтып, "Iphone 16 Pro" телефонын алдап алып, жәбірленушіге байқатпай ізін суытқаны мәлім болды.

Осылайша ол шамамен 700 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Оқиға орнына жедел жеткен Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 20 жастағы күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта ол ұсталып, абақтыға қамалды. Полиция қызметкерлері қылмыскердің бұрын басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: