Абай облысында тұтқын өзінің камераласын өлтірді

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 11:12 Фото: Zakon.kz
Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелердің бірінде қақтығыс барысында сотталғандардың бірі екіншісіне дене жарақатын тигізіп, нәтижесінде жәбірленуші қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚАЖК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, камерадағы екі сотталғанның арасында жанжал шыққан.

"Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды",- деп мәлімдеді Қазақстан ІІМ ҚАЖК өкілі Гүлжан Әбдіғалиева.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта тергеу мен тексеру жүргізілуде.

"Мекемедегі жағдай тұрақты. Тергеу барысы ҚАЖК басшылығының бақылауында",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ҚМА онлайн-казино ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарын халықаралық іздеуге бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: