ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады

Шымкентте қылмыстық орта өкілі ұсталды. Бұл туралы 2026 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 09:56 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Шымкентте қылмыстық орта өкілі ұсталды. Бұл туралы 2026 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ҰҚК таратқан ресми хабарламасында былай деп жазылған:

"2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Шымкент бойынша ҚР ҰҚК Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық орта өкілі "Т"-ны ұстады. Аталған тұлға аса ірі көлемде бопсалауға күдікке ілінді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс аясында биылғы қаңтар айында Шымкентте оның екі серігіне қатысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді", – делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қосымша мәлімет ретінде алдын ала тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

"Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: