Тоқаевты Исламабад әуежайында Пәкістанның туларын ұстаған балалар күтіп алды

Тоқаевты Исламабад әуежайында Пәкістанның туларын ұстаған балалар күтіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 18:33 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: