Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды
Сурет: Ақорда
Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министрі Шахбаз Шариф Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі, делінген Ақорда хабарламасында.
Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізгені хабарланған. Ал оның алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

