Алматыда тауға шығамын деп жарақаттанған әйелге құтқарушылар көмекке келді

Тау, Алматы, Алма-Арасан, әйел адам, жарақаттану, құтқарушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 21:48 Сурет: pixabay
Бүгін, 2026 жылы 4 ақпанда тауда, Алма-Арасан бұлағы маңында 71 жастағы әйел адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам бұлақ маңында жүріп, аяғы тайып кетіп құлап, оңбай жарақаттанған.

"Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп зардап шеккен адамды эвакуациялады. Арнайы зембілдің көмегімен зардап шеккен адам таудан Алма-Арасанның автотұрақ аймағына дейін эвакуацияланып, қауіпсіз жеткізілді. Кейін Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оны медициналық мекемеге жеткізді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Таразда мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған азамат марапатталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: