Жаңатаста қатты желден кейін төтенше жағдай енгізілді

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 16:55 Фото: pexels
2026 жылдың 6 ақпанында Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласына қатты жел соқты. Табиғат апаты салдарынан Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, сол күні желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жеткен. Желдің әсерінен үш тұрғын үйдің шатырлары толықтай ұшып, тағы жеті үйдің шатырлары зақымданды. Сонымен қатар, жеті кәсіпкерлік нысан зардап шекті.

Аудандағы шамамен екі шақырымдық жол учаскесінде электр жарығы өшірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашукеев Instagram парақшасында Жаңатас көшелеріндегі ураган салдарын көрсетті. Ол ауданда төтенше жағдай жарияланғанын айтты және шығынды бағалау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

"Салдарын жоюға қажетті қаражат қарастырылады, тұрғындар мен кәсіпкерлерге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Жағдай менің жеке бақылауымда," – деді Ербол Қарашукеев.

Еске салсақ, бұған дейін қорқынышты кадрларды әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар бөліскен еді. Аудан әкімдігі тұрғындарды тек шұғыл қажеттілік болған жағдайда ғана үйлерінен шығуға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: