Алматыда полиция қала орталығындағы заң бұзған клубтың қызметін тоқтатты

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 14:58 Фото: Zakon.kz
Алмалы ауданында полиция қызметкерлері бірлесіп, Әйтеке би көшесінде орналасқан ойын-сауық орындарының бірінде тыйым салынған заттарды заңсыз пайдалану және оларды тарату белгілерін анықтады.

Тексеру барысында аталған мекемеден өткір иісі бар төрт газ баллоны тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл баллондар құрамында тыйым салынған заттарға немесе олардың прекурсорларына жататын күшті әсер ететін заттар болуы мүмкін.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталуда. Сондай-ақ ойын-сауық орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

— Мұндай әрбір дерек полицияның ерекше бақылауында болады. Біз азаматтардың жаппай демалатын орындарында тыйым салынған заттардың таралуына қатысты кез келген сигналға қағидатты түрде жедел әрекет етеміз. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Полиция тыйым салынған заттарды пайдалану мен таратудың азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін және мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: