Алматыда оқытушы студенттің басындағы нысанаға оқ атты
Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Алматыда колледж оқытушысы студенттің басына қойылған нысанаға оқу пневматикалық мылтығымен оқ атқан. Оқиға Сәулет, дизайн және инженерия колледжінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 ақпанда мәлімдегендей, бұл жағдай оқу үдерісіне байланысты болмаған. Олардың айтуынша, оқытушы топпен бейресми әңгімелесу барысында оқу пневматикалық мылтығынан оқ атқан.
Қалыпты оқтың орнына жұмсақ зат – мақта пайдаланылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.
"Бұл әрекеттер оқыту әдісі немесе жазалау түрі болып табылмайды. Колледж әкімшілігі педагогикалық әдеп пен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.
Қалалық әкімдік бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын хабарлады. Оқытушыға қатысты қандай тәртіптік жаза қолданылатыны әзірге нақтыланбады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript