Өзбекстанда өз көлігіңізбен жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзаруы мүмкін

Дорога, дороги, трасса, трассы, машина, машины, дорожное движение, транспорт, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 15:34 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстандық көліктердің Өзбекстан аумағында жүру мерзімі 90 күннен 180 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы көрші елдегі кеден комитетінің өкілдері хабарлады.

Аталған мәселе қос ел кеденшілерінің кездесуінде талқыланды. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы арқылы 5 млн-ға жуық автокөлік өткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгінде екі мемлекет арасында 7 өткізу пункті жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек, қазақ-өзбек шекара бекеттерінен тыйым салынған заттарды алып өту фактілері азаймай тұр.

Әсіресе дәрі-дәрмек пен зергерлік бұйымдардың заңсыз тасымалы артқан. Былтыр осындай 40 мыңнан астам факті тіркеліпті.

Жолаушыларға контрабандалық немесе тасымалдауға болмайтын бұйымдарды алып өтудің заңсыз екенін ескертеміз. Сондай-ақ декларация толтыру қажеттігі айтылады. Егер аталған талаптарды орындамаса, тауарлар тәркіленеді. Азаматтардың "жасыл дәлізбен" жүруін назарда ұстаймыз. Сол әрекеті арқылы өзімен бірге тыйым салынған заттарды келмегенін растайды. Фарход Олимжанов, Өзбекстан мемлекеттік кеден комитетінің басқарма бастығы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: