Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілді
Сурет: pixabay
Аталған жоғары деңгейдегі отрыста тараптар қорғаныс өнеркәсібі, ақпараттық технология, жасанды интеллект, қаржы, азаматтық авиация, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективасы жөнінде егжей-тегжей пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміз ашық әрі сенімді серіктес ретінде түрік инвесторларын қолдауға әрқашан дайын екенін баса атап өтті.
Бұдан бөлек, Президент туризм саласындағы оң үрдісті қолдау, сондай-ақ сан қырлы екіжақты байланыстарды ілгерілету үшін Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.
Айта кетсек, 2025 жылы 29 шілдеде Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің V-ші отырысын өткізді.
Оған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізгені хабарланған.
Жалпы, Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.