Шорт-трек: Денис Никиша Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Шорт-трек: Денис Никиша Олимпиаданың жартылай финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 00:34 Сурет: olympic.kz
Ерлер арасындағы 500 метр қашықтыққа жарыста Қазақстан атынан Деннис Никиша мен Абзал Әжғалиев бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші топта өнер көрсеткен Деннис 40.562 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып келді. Соған қарамастан, уақыт көрсеткіші бойынша жартылай финалға өтуге мүмкіндік алды.

Ал Абзал Әжғалиев төртінші топта жарыс жолына шығып, соңғы айналымда қарсыластарына есе жіберді. Ол 41.594 секунд уақыт көрсетіп, келесі кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, жартылай финалға өз жарысында 1-2-орын алған спортшылар, сондай-ақ үшінші орын иеленгендердің арасынан уақыт көрсеткіші ең жоғары болған тағы екі атлет өтті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: