Шорт-трекші Денис Никиша қысқы Олимпиаданың 1/4 финалына өте алмады

Шорт-трекші Денис Никиша қысқы Олимпиаданың 1/4 финалына өте алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 18:05 Сурет: olympic.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы өзінің төртінші Олимпиадасын 1000 метр қашықтықтан бастады.

Никиша өз іріктеу жарысында үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, келесі кезеңге тікелей өту үшін мәреге бірінші немесе екінші болып жету қажет еді. Сонымен қатар өз жарысында үшінші орын алған спортшылардың арасынан ең үздік төрт атлетке де келесі айналымға жолдама берілді.

Нәтижесінде Денис Никиша барлық жарыс аяқталғанға дейін ширек финалға шығу мүмкіндігін сақтады. Алайда соңында ол 1/4 финалға өте алмады.

Айта кетейік, Денис Никишаның негізгі қашықтығы - 500 метр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: