Шымкентте жұмысшы бесінші қабаттан құлап қайтыс болды

Дом, жилье, квартира, дома, квартиры, недвижимость, аренда жилья, съемное жилье, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 11:04 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 5 қабаттың қылтимасынан абайсызда құлап түскен 45 жастағы ер адам қайтыс болды. Бейресми мәліметке қарағанда, оны пәтер иесі жалдамалы жұмысшы ретінде шақырып, қылтиманы қаптатпақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Otyrar.kz" басылымының жазуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенімен жұмысшы алған жарақатынан тіл тартпай кеткен. Полиция қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Адам өліміне әкеп соққан еңбектi қорғау қағидаларын бұзу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады".Шымкент қалалық полиция департаменті

Бұған дейін Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінде терезеден 12-сынып оқушысы құлап түскенін жазғанбыз. Оқушының жағдайы ауыр деп бағаланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: