Еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін жолдарда рұқсат етілетін габариттер туралы келісім ратификацияланды

Қол қойды, Жарлық, Тоқаев, еуразиялық көлік дәліздері, жолдар, ЕАЭО, габариттер, келісім  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 17:05 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған келісім 2024 жылы 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылданған болатын. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумағында көлік құралдарының техникалық параметрлеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған, делінген 2026 жылғы 27 ақпандағы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оны іске асыру халықаралық автотасымалдаушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастырады.

  • Келісімнің негізгі мақсаттары:
  • ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;
  • Еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалының тиімділігін арттыру;
  • Автомобиль инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту;
  • Көлік қызметтерінің сапасын арттыру.

Жарлық транзиттік тасымалдарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанның өңірдегі маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.

Айта кетсек, ЕАЭО-да 11 ақпаннан бастап тауар тасымалын бақылау үшін навигациялық пломбалар енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: