Жолдарда ауыр жүк көліктері қозғалысына рұқсат етілетін өлшемдерге өзгерістер енгізілмек

Ауыр жүк көліктері, рұқсат етілетін өлшемдер, өзгеріс, заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 17:52 Сурет: flickr
Көлік министрлігі еліміздегі автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының өлшемшарттарына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізінде, құрамында тартқыш пен тіркемесі (жартылай тіркеме) бар автопойыздардың жол берілетін өлшемі 20 метрден 24 метрге артып отыр.

Сондай-ақ контейнерлер мен көтергіш платформаларда жеңіл автомобильдерді тасымалдауды жүзеге асыратын, рұқсат етілген биіктігі 4,3 метрден аспауға тиіс автокөлік құралдарын қоспағанда, барлық автокөлік құралдары биіктігі 4,0 метр болуы тиіс.

Автокөлік құралдарының жол берілетін өлшемдері өзіне контейнерлерді қоса алғанда, орнатылған механизмдердің тасымалданатын жүктердің алынбалы шанақтардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерін де қамтитын болады. 

Автокөлік құралының шанағында орнатылған жүк автомобильдің немесе тіркеменің (жартылай тіркеменің) артқы сыртқы нүктесінен 1 метрден артық шығуына рұқсат, егер тасымал барлық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылыса.

Қазіргі уақытта құрамында тартқыш пен тіркемесі (жартылай тіркеме) бар автопойыздарға рұқсат етілетін масса:

  • үш білікті - 28 тонна;
  • төрт білікті - 36 тонна;
  • бес білікті – 40 тонна;
  • алты білікті - 44 тонна. 

Құжат 26 шілдеге дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: